ӘЙЕЛ сұлу қашанда ӘДЕБІМЕН...
"Қыз әкесін тозақтан қорғаушы, әйел күйеуінің иманының жартысы, ал жәннат ананың табанының астында" дейді нәзік жанды жаратылысты ерекше құрметтеген ислам дінінде. Тіпті қызы бар үйге Алла Тағала күнделікті береке түсіреді екен.
Бұл жайлы Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ):
«Кімнің үйінде қыз бар болса, ол үйге күн сайын көктен он екі береке түседі. Ол үйге періштелер тынбай (үздіксіз) келіп тұрады. Әрбір күн, әрбір түн сайын олар (сол қыздың) ата-анасына бір жылдық құлшылықпен тең сауап жазып отырады» [1], – деген.
Қоғамның бет алысы да әйел затының тәрбиесі мен әдебіне байланысты. Өйткені, баланы дүниеге алып келетін, жатырдан бастап негізгі тәрбиені сіңдіртетін осы әйел заты. Бұл жаратылыс – нәзік әрі сұлу, іштей күшті, қылықты, сезімтал, айналасын ақылымен және айласымен гүлдендіріп, болмаса, түнертіп отыратын күшке ие. Әйел туралы қанша тілге тиек етсең де ашылмаған сыры мен жұмбағы көп дүниелер ақтарыла береді. Ал ислам әдебінде әйел атаулысы қандай болуы керек? Оның киім киісі, жүріс тұрысы, сөйлеу әдебі мен құқықтары қандай? Осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.