Жаңалықтар

Карантиндік шектеулерден кейінгі алғашқы ауызашар жасалды
Карантиндік шектеулерден кейінгі алғашқы ауызашар жасалды

Карантиндік шектеулерден кейінгі алғашқы ауызашар жасалды

Биыл карантиндік шектеулерден соң қайта орталық "Һибатулла Тарази" мешіт-медресесінде ауызашар беріліп бастады. Көпшілікпен берекелі дастарханда, дұға жасап, бірге ауыз ашуды сағынысып қалған жамағат ауызбіршіліктің нышанын көрсетуде.

Пандемия уақытында ауызашарлар онлайн ұйымдастырылып, үйді-үйге жеткізілетін. 2 жылдық үзілістен соң көпшілікті бір дастархан басына жинаған ауызашарға орталық мешіттің бірінші наиб имамы Нұралы Бақытұлы мен "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің директоры Сакен Сейдикаримов қатысып, "Рамазанның қадір-қасиеті жайлы" уағыз-насихат айтты. Ауызашардан соң игі жандардың көмегімен 100 адамға Рамазан қоржыны таратылды. 

Көпшілік "Ас адамның арқауы, тарауих оның тарқауы" деген нақыл сөзге ақыл түріп, жиын соңында ауызашар беруші жандарға алғыстарын білдіріп, құран бағыштап, бір сапқа тарауық намазына тұрды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

Медресе-колледж шәкірттері республикалық олимпиададан жүлделі оралды
Медресе-колледж шәкірттері республикалық олимпиададан жүлделі оралды

Медресе-колледж шәкірттері республикалық олимпиададан жүлделі оралды

Ақтөбе медресе-колледжінде  араб тілі мен фиқһ пәнінен медресеаралық республикалық олимпиада  өтті. 2 курс пен 3 курс студенттерінің арасында жасалған білім додасына "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің 3 курс студенттері Е.Сержан мен А.Атабек, 2 курстан А. Уали мен Ержанбек Мадияр медресе сенімін арқалап аттанған болатын.

Араб тілінен болған сайыста Е. Мадияр ұстаздар үмітін ақтап, 2-орынды иеленді. Жол басшылық танытып барған З.Нұрсұлтан ұстаз жарыстың мән-жайымен танысып, көзбен көріп қайтты. Ұстаз жарыстың жоғарғы деңгейде  ұйымдастырылғанын, әрі қонақ жайлылығына тәнті болып қайтқанын жеткізді.

Жарыстан келген студенттерді медресе басшысы Сакен Сейдикаримов қабылдап, жарыстың жүйесі мен барысын сұрап, шәкірттерге ұстаздар тарапынан алғысын білдірді. Ал ілім жолында жүрген шәкірттерге Қ.Жолдыбайұлының "Кемел адам" кітабы мен "Қари болғым келеді" кітабын сыйға тартты.

Жиын соңында естелікке суретке түсіп, орын алған шәкірттің ата-анасына қоңырау шалып, ұлдарының жеңісімен құттықтады. Обылыс имамы Бейбіт Мырзагелдиевке арнайы амандаса кірген шәкірттер, батасын алды.

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің баспасөз қызметі

Медресе-колледж түлектері діни іс-тәжірибелік қызметке кірісті
Медресе-колледж түлектері діни іс-тәжірибелік қызметке кірісті

Медресе-колледж түлектері діни іс-тәжірибелік қызметке кірісті

"Һибатулла Тарази" медресе-колледж директоры  С.Сейдикаримов пен топ кураторы М.Нұрлан рамазан айынан алдын жылдағы дәстүр бойынша биылғы бітіруші түлектерді қала, аудан мен ауылдарға өндірістік тәжірбиеден өту мақсатында студенттерді қызметке бөлді.

Дін қызметіндегі алғашқы қадамдарына ақыл-кеңестерін айтып, дінімізді көркем түрде насихаттау керектігін жеткізді. Хз. Омар халифалық тұсында сахабаларды асыл дінімізді таратуда айтқан насихаты: "Дінді үндемей таратыңдар"- дегенде, бір сахаба:  "Уа, мұсылмандардың әміршісі сөйлемей қалай дінді таратпақпыз дегенде, хз. Омар көркем әдеппен" деген екен. Сол секілді ұстаздар да шәкірттерден соны талап етті.

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің баспасөз қызметі

Медреседе сенбілік жұмыстары жүргізілді
Медреседе сенбілік жұмыстары жүргізілді

Тазалық - иманның жартысы, ораза - сабырдың жартысы" деген қағиданы басшылыққа алған медресе ұстаздары мен шәкірттері қоғамдық іске бірге белсене араласты.

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ауласына тазалық жұмыстары жасалды. Рамазан айына дайындықта ішкі тазалықпен қатар үй тазалығы да назарға алынады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты сенбілік жасау оразаның алғашқы күндеріне дейін шегерілген болатын.

Ислам дінінде иманның құндылығы қаншалықты жоғары екені белгілі. Тазалықты иманның жартысына теңеу – исламның тазалыққа қаншалықты мән беретінінің айғағы емес пе!