Біз туралы

Мемлекеттік лицензияны берген орган: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі. Лицензияның берілген күні: 16.10.2013 ж, № 13016689.

Материалдық-техникалық базасы

Оқу корпусы 2 қабаттан, қызметтік құрылыстардан  тұрады, құрылыс ауданы – 1 220,00 ш.м2., жалпы алаңы – 2 277,40 ш.м2. Бірінші қабатта – әкімшілік  бөлмелері, медициналық пункт, асхана, санитарлық торап, жатын болмелері, ал екінші қабатта – кітапхана, оқу аудиториялары, жатын бөлмелер, ұстаздар бөлмесі және компьютерлік сынып орналасқан.

Оқу корпусы оқу үдерісіне қажетті жихаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған. Медресе асханасында (тегін) күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Медреседе 10 оқытушы сабақ береді. 1 оқытушының докторант әрежесі бар. 3 оқытушының магистрлік (дінтану магистрі) дәрежесі бар, ал қалған 7 оқытушы бакалавр дәрежесінде. Оқытушылардың барлығы жоғары білімді. Оқытушылардың білімі, мамандану деңгейі жүйелі білім беру талаптарына сай, мамандықтары оқытатын пәндеріне сәйкес келеді.