ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ
Бүгін Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында Құран жаттау орталықтарының шәкірттері арасында өткен Құран байқауы қорытындыланды. Марапаттау салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттарын табыстады.





