Жаңалықтар

ТАРАЗДА XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН САЙЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ
ТАРАЗДА XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН САЙЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ

Тараз қаласындағы «Әбу Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде XV республикалық Құран сайысына іріктеу кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Рухани доданың шымылдығын ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа жалпы саны 54 шәкірт қатысып, қасиетті кітапты нақышына келтіріп, жатқа және мәнерлеп оқудан бақ сынасты. Жамағаттың қызығушылығын тудырған бұл білім бәйгесін 50-60 шақты көрермен арнайы келіп тамашалап, қатысушыларға рухани қолдау көрсетті.

«ИМАНИ ЖАЗ - 2026» ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛАДЫ
«ИМАНИ ЖАЗ - 2026» ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі барлық мешіттерде 1 маусымнан бастап балаларға арналған «Имани жаз» діни сауат ашу курсы басталады.

 

ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ СЕРІК АХМЕТПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ СЕРІК АХМЕТПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде Құран секторының меңгерушісі Серік Ахметпен тағылымды кездесу өтті. Кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі» жеке мекемесінің директоры Жарбол Болатұлы қатысты.

АЛМАТЫДА СТУДЕНТТЕРМЕН МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
АЛМАТЫДА СТУДЕНТТЕРМЕН МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Алматы шаһарындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі жеке мекемесінің директоры Жарбол Болатұлы студенттермен дидарласты.

ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Алматы шаһарындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде дін қызметі саласындағы жұмыс берушілермен кездесу өтті. Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі жеке мекемесінің директоры Жарбол Болатұлы қатысты.