Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің шәкірттеріне Меркі ауданынан арнайы 140 қорап балғын алма жеткізілді. Ілім жолындағы жастардың қамын ойлап, шәкірттердің игілігі үшін ұйымдастырылған бұл қайырымдылық бастамасына аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы ұйытқы болды.