«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТКІЗДІ

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен турнир өтті. Сайысқа оқу орнының ұстаздары мен шәкірттері, сондай-ақ Тараз қаласының имамдары қатысып, 20 ойыншы өзара мықтыны анықтады.

Турнир Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Алғашқы сөзді медресе-колледж директоры Жарбол Болатұлы сөйлеп, спорттық шараның маңызына тоқталды. Бұдан кейін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бата беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс барысында сегіз үстелде ойын өрбіді. Қатысушылар төрт топқа бөлініп, әрқайсысы үш ойыннан өткізді. Топтық кезеңнен сүрінбей өткендер ширек финалға жолдама алып, жүлделі орындар үшін бақ сынады.

Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша:
1-орын – Мәден Мұхамеджан;
2-орын – Маратұлы Самат;
3-орын – Қарымсақов Данияр.

Жеңімпаздар алғыс хаттармен, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, турнирдің өтуіне «Адал чикен» және «Раф» кәсіпорындары демеушілік көрсетті. Спорттық сайыс қатысушылардың өзара ынтымағын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі