"Ғылымды кісінің білімі де, күші де, білегі де күшті" демекші 3 жыл бойы діни білім алып, нағыз маман болып тәрбеленген "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің шәкірттері күні ертең өз ордасынан түлек болып ұшқалы отыр.
Осы 3 курс студенттерімен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы жүздесті. Жастар дипломдарын алған соң қайтпек, қандай мақсат қоюда, жұмысқа орналасу, білімін жетілдіру сынды жоспарлары қандай? Бұл турасында бас имам шәкірттермен сұқбат жүргізіп, өңір мешіттерінде жұмыс жасауды ұсынып, таңдауларын тыңдады.
Биыл оқу орнын 15 шәкірт бітіреді. Сол әрбір түлекті бас имам жеке-жеке қабылдап, тілдесіп, жұмысқа, я оқуға барғысы келетін орындарын сұрады. Студенттер көкейкесті сауалдарын қойып, діни қызмет барысындағы қиындықтар жайлы, жауапкершілік жайлы ақылын тыңдады.
Облыс бас имамы алда әлі де кездесулер жасалатынын және шәкірттерді қалаған жерге қызметке жіберуге дайын екенін жеткізді. Студенттер өз ойларын айтып, тілектерін білдірсе, Бейбіт Әліпбекұлы өнегелі сөз, кеңесін айтып, батасын берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі