арауық намазынан бастау алған «Мың айдан да қайырлы Қадір түні» бағдарламасында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қадір түнінің ұлықтығы мен қасиеті жайында жамағатқа уағыз айтып, ізгі тілегін арнады. Бас мүфти қасиетті кеште елдің амандығы, бірлігі, тұтастығы мен тұрақтылығы үшін дұға етті. Одан ары құптан намазынан бастап таң намазына дейін «Munara TV» арнасы үзбей тікелей эфирде хабар таратты.
Орталық студияда ҚМДБ бөлім меңгерушілерінің қатысуымен «Рамазан – кешірім айы», «Қадір түнінің маңызы» тақырыптарында сұхбат ұсынылды. Қадір түнінің қасиеті жөнінде танымдық бейнероликтер көрсетілді. Арнайы бағдарлама эфиріне орталық студиядан бөлек, арнаның Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Павлодар және Қызылорда қалаларындағы тілшілері қосылып, өкілдіктердің бас имамдары арнайы сұхбат берді Сондай-ақ өңірдегі арна тілшілері әзірлеген бейнематериалдар телекөрермен назарына ұсынылды.