Тараз шаһарындағы "Һибатулла Тарази" медресе-колледжі жанынан спорттық ойын алаңы ашылды. Аталған шараға ҚМДБ мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, аталған оқу орнының директоры Қанат Жұмағұл мен студенттер қатысты.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Жанділлә Бекжігітов: "Спорттың ислам дінінде алар орны ерекше. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлем болсын) "Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан абзалырақ" деген. Сондықтан муфтият қызметкерлері де спортпен шұғылданады, имамдар да спорттық сайыстарды жиі ұйымдастырып тұрады. Мына ойын алаңының ашылғаны жастарға да үлкен жеңілдік, мүмкіндік болып отыр" - деп атап өтті.
Бас имам шәкірттерді муфтияттан келген бөлім басшыларымен таныстырып өтсе, медресе директоры алыстан ат артып келген мамандарға алғысын жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі