БАС МҮФТИ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Зиялы қауым ұлттың қайрағы болса, спорт майталмандары – ұлттың қайраты. Себебі спорт – қазақтың рухы. Сіздер әлемдік бәсекелерде жеңіске жетсеңіздер, бүкіл халық қуанады, қайраттанады, рухы көтеріледі. Демек сіздер спортта түрен салу арқылы тұтас елдің намысын қорғайсыздар. «Ерді намыс өлтіреді» дейді бабаларымыз. Біздің қазақ намысты бәрінен биік қойған. Намысы бар адам Отанын сүйеді. Отанын сүйген адам ұлтының құндылықтарын қастерлейді. Тілін, дінін, дәстүрін, мәдениетін құрметтейді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.