ҚМДБ Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті жанынан ашылған "Құран қарилары" курсында осымен 6-шы шәкірт Алланың кәләмін толықтай жаттап шығып, қари атанды.
Ашылғана небәрі 1 жылдан асқан курсты әсте 6 түлек үздік бітіріп, қари болды. Айтулы шараға орай күндердің сұлтаны қасиетті жұмада ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жамағатқа жас қариды таныстырып, куәлік табыстады. Сонымен қатар ұмраға жолдама беріп марапаттады.
Қари атанған 18 жастағы Сейтқали Оспан Халитұлы 2021-2023 жылдар аралығында құранды толық жаттап шықты. Шәкірттің ұстазы Бірлік Амангелдіге бас имам алғыс білдіріп, жамағат пен қариялар жастарға дұғасын айтып, батасын берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі