Бүгін "Һибаулла Тарази" медресе-колледжінде оқуды бітіруші 3 курс студенттерімен Жамбыл облысына қарасты аудандардың бас имамдары дидарласты.
Шәкірттердің хал-жағдайларын сұрап, алдағы диплом қорғау жұмысына сәттілік тіледі. Өңір бас имамдары жастарды оқу орнын аяқтаған соң ауданға қарасты ауыл мешіттерінде имамдық, ұстаздық қызмет атқару үшін түлектерді жұмысқа шақырды.
Кадр тапшылығы бар мешіттерді атап өтіп, жас маманға жасалатын жағдайды да тілге тиек етті. Студенттер имамдармен тілдесіп, өз сауалдарын жауаптар алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі