"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде Морфология (Сарф) пәні бойынша ашық сабақ өтті. Оқу орнының директоры Қанат Жұмағұлдың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған дәрісті Сарф пәнінің ұстазы Нұрсұлтан Маметбай жүргізді.
Медресе шәкірттерінің алып жатқан білімдерін жүйелену мақсатында сарф пәнінің ережелерін, негіздерін, жіктеу, түбір сөздер, етістіктер сынды барлық қағидаларын кестемен бөліп, нақтылап, оңтайлы етіп үйрену жолдарын жеткізді.
Студенттер мен оқытушы педагогтар қатысқан сабақтарына жоғары баға берді. Шәкірттердің танымын арттыру бағытында негізгі пәндер бойынша осындай дәрістер алдағы уақытта жалғасын таппақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі