Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде оқу бітіруші 3 курс шәкірттері қорытынды мемлекеттік емтихан тапсырды.
Шешуші сынақты қабылдау комиссиясында ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Бейбит Мырзагелдиев, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің оқытушысы Нұрлан Мұрат болды.
Студенттер Құран, фиқһ, араб тілі, ақида пәндері бойынша емтиханды билет сұрақтары негізінде ауызша тапсырды. Айта кетейік, биыл 13 шәкірт түлек атанып отыр. Сынақ қорытындысына сай 3 студент қызылға тапсырса, 10 шәкірт көк дипломға оқуын тәмәмдамақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі