ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде оқу орнының директоры Қанат Жұмағұл студенттерге "Ораза" тақырыбында уағыз айтты.
Оразаның парыз болуы, оның пайдасы, ораза ұстаған адамның Алла алдындағы дәрежесі жайында сүбелі насихат айтқан дін маманы жастардың сауалдарына жауап беріп өтті.
"Рамазан – мұсылмандар үшін қасиетті және берекелі ай. Ислам таңы осы айда атып, дүниені жарығына бөлеген, ұлы кітабымыз Құран Кәрім осы айда түсе бастаған. Мың айдан да қадірлі болып есептелетін Қадір түні де осы айдың ішінде. Ішкі дүниемізді жаман ойлардан және сыртқы дүниемізді жаман әрекеттерден тазартатын ораза осы айда ұсталады" - дейді Қанат Әділханұлы өз сөзінде.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі