Меркі ауданы: Медресе шәкірттеріне қаржылай сыйлық жасалды

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Жмбыл облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде тәлім алып жатқан шәкірттерге қаржылай сыйлық табыстады.

Аудан имамы Азамат берікұлы әр сапар Тараз қаласына іс-сапармен барғанда медреседе білім алып жатқан аудан шәкірттерін зиярат етіп, қал жағдайларын біліп тұрады.

Шәкірттерге қандайда бір көмек керек болса, қысылмай өзіне хабарласуын өтініп, ауданымыздан білім алып жатқан 5 шәкіртке қаржылай сыйлығын табыстады.

Артынша, Алла Тағаладан шәкірттерге білімге деген ынта, жігер сұрап, елге, жерге абыроймен қызмет ететін азамттардың қатарынан болуды тіледі.