Наиб мүфти Жамбыл жамағатына жұма уағызын айтты
Шаһарға дін мамандарын республикалық аттестаттау комиссиясының төрағасы болып іс-сапармен келген ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев Тараз жамағатына жұма уағызын айтты.
"Талақ - Алла сүймейтін іс" тақырыбында жүргізген насихатты көпшілік ұйып тыңдады. Наиб мүфти өз сөзінде: "«Алла адал еткен істің ішіндегі ең ұнамсызы – ажырасу», – деген. Келесі бір хадисінде: «Қандай да бір әйел ешқандай себепсіз еріне өзін талақ етуді сұрайтын болса, онда оған жәннаттың иісі харам болады», – деп қатаң ескерткен" - деп нақты дәлелдермен ажырасудың қоғамға зиянын және шариғаттағы түсіндірмесін жіліктеп берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі