Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде білім алып жатқан шәкірттермен кездесіп қайтты.
Кездесу барысында бас имам Азамат Берікұлы шәкірттерге білімде табанды болу үшін, «Білім» жайлы уағыз-насихат айтты. Және де шәкірттердің ұсыныс-өтініштерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, қандайда бір көмек керек болса, аудан имамы тікелей өзіне хабарласыуын сұрап, қолдан келген көмекті аямайтынын жеткізді.
Жиын соңында, шәкірттерге білім жолындағы күш-қуаттарының арта беруіне тілектес екендігін білдірді.
Айта кетейік, биыл Меркі ауданынан 5 шәкірт «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне тапсырып, 4 шәкірт медреседе Исламтану мамандығы бойынша, ал 1 шәкірт Құран Кәрімді жаттауі яғни қарилық бөлімінде білім алып жатыр.