ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев орталық "Һибатулла Тарази" мешіті мен "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің есепшілерін төл мерекелерімен құттықтады.
Кіріс-шығысты көзден таса жібермей, қаржылық мәселелері реттеуде еңбек сіңірген есепшілердің жұмысына бас имам оң баға берді. Ханымдардың қызметіне алғыс білдіріп, игі тілегін айтты. Есепшілер күнінің құрметіне шоқ-шоқ гүлдер мен тәттілерді табыстады.
Есепшінің жұмысы мұқияттылық пен дәлдікті талап етеді. Себебі, олардың қолында жәй ғана сандар емес, білдей кәсіпорындардың тұрақты жұмысы мен адамдардың тағдыры. Бухгалтер мамандығы – Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі ең жоғары құзыретті, құрметті әрі талап етілген мамандықтарының бірі. Бұл күрделі, әрі қызықты кәсіп түріне қатысы бар осы сала иелерін құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болсын!