Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас Мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысының барша ұстаздар қауымына, оның ішінде "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің және мешіт жанындағы Діни сауат ашу курстарының ұстаздарына арнайы хат жолдап, төл мерекелерімен құттықтады.
"Асыл дініміз Исламда білім үйрету, ұстаздық ету сауапты әрі құрметті іс танылады. Себебі, ұстаздық, тәлімгерлік Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жолы. Пайғамбарымыз бүкіл әлемге нұр шуағын шашып, ұстаз, тәлімгер әрі рахмет етіп жіберілген. Сiздердi Пайғамбар мирасы болған осы бір ұлы іс жолындағы кәсіби мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда: «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы», - деген аталы сөз бар. Адам бойындағы ізгі қасиеттер ата-анадан кейін, ұстаз тәлімі арқылы қалыптасады. Абылай хан Төле биді, Шәкәрім Абайды, Жамбыл Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтпағанда, ұлтқа қалдырар бүгінгі мол мұралары болмас па еді. Осындай алып тұлғалардың өмірінде ындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп болған.
Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бабалар мұрасы болған Ихсан ілімін насихаттап келеді, биылғы жылды «Ислам және iзгi когам» жылы деп жариялады. Осы құндылықтарды насихаттап, ата-бабамыз аңсаған iзгi қоғамды қалыптастыруда Сiздердің еңбектеріңіз ерен құрметті ұстаздар!
Сiздердің еліміздің діни-білім, руханият саласына сіңіріп жатқан кажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келедi. Сiздерге Жаббар Алладан зор денсаулық, қос дуниенің бақытын, барлық істеріңізге береке және шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Ұстаздар күні құтты болсын!" - деген құттықтау хатында.