ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі ұйымдастырған жиынға қатысты.
Онлайн жүздесуге оқу орнының директоры Қанат Жұмағұл, орынбасары Сәкен Сейдікаримов пен 3 курс студенттері қатысты. Жиында оқу бітірген шәкірттердің диплом алғаннан кейінгі мақсаты сөз болды.
Айта кетейік, биыл оқуды тәмәмдағалы отырған 7 түлек имамдық, ұстаздық қызмет бастауға ниетті болса, 8 студент ЖОО орнында білімін жалғастырмақ.
Кездесуде исламтанушы-ғалым Смайыл Сүйерқұлұлы медресе-колледжін биыл бітіретін түлектерді дінге қызмет етуге шақырды. Жастарға өз ақыл-кеңесін айтып, толағай табыс тілеп ақ батасын берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі