МЕДРЕСЕМІЗДІҢ ҰЖЫМЫ «ОЯН ҚАЗАҚ» ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ

Ақын, жазушы, көсемсөз шебері, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өзінің алғашқы кітабы “Оян, қазақты” жазу, басу, тарату кезінде орасан кедергілерге ұшырайды. Онсыз да ілгеріде Қарқаралы құзырхатын ұйымдастыруға қатысқаны және “Серке” газетіне өткір мақалалар жазғаны үшін, патша өкіметінің қырына ілігіп жүрген 23 жастағы жігіт тәуекелді қадамға барып, кітабын басып шығарады. Ол 1909 жылы қазақ қоғамын дүр сілкіндірген ірі уақиғаға айналады.

Осынау тарихи фильмді көру мақсатында Байзақ ауданына қарасты имам-молдалар, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, облыстық мешіттің іс басқарушысы Хожахметов Халит, облыс бас имамының көмекшісі Турганов Ілияс, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы әрі Байзақ ауданы мешіттері мен имам-молдаларының кураторы Ғалымбек Төлегенұлы, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, Байзақ аудандық мешіттің іс басқарушысы Арман Ерболұлы, Байзақ аудандық мешіттің наиб имамдары Умбеталиев Абатбай, Мухит Ермаханұлы, Бақытбек Бауыржанұлы және аудандық аймақ жетекшілері, «Кеңес» мешітінің имамы Гали Олжабайұлы, «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлы, «Базарбай» мешітінің имамы Ербол Қасқырұлы, «Жаныс баба» мешітінің имамы Абдулбари Амиров, «Әбдікерімұлы Айдар» мешітінің имамы Туганасов Бауыржан, «Үшбұлақ» Нұрлыбек Төлегенов және Жаңатұрмыс» мешітінің имамы Октан Сүйіндік атбасын бұрды.

Облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы: «Фильмді көрудегі мақсат, отандық өнімге қолдау көрсетіп, тарихи кинолардың көптеп шығуына үлес қосу болып табылады және дін мен тарихымызды терең білу болып табылады», - деп атап өтті.