Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің наиб имамы Сухроб Миркасымов мешіт жамағатына ҚМДБ тарапынан бекітілген пәтуаларды орыс тілінде жеткізу үшін кездесу ұйымдастырды.
Әлбетте, мұсылман адам өзінің күнделікті өмірінде қажет болатын діни үкімдерді үйренуі уәжіп. Бірақ, діни сауалдарға әркім дұрыс жауап ала бермейді. «Өзім біліп істей берейін» десе, қателікке соқтығуы мүмкін. Ал, сауалға шешім таппаса, тағы болмайды. Сонда не істеу керек?!
"Біреу білмегенді - біреу білер",- дейді халық. Ал, діни мәселені шешуге ілімі жетпейтін жандарға Алла тағала: «Егер білмесеңдер, онда білетіндерден сұраңдар» («Нәһл» сүресі, 43-аят),- деп әмір етеді. Басқа бір аяттарда: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?» («Зумар» сүресі, 9-аят), «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады» («Әнкабут» сүресі, 43-аят),- делінген.