Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның өңірдегі жетекшісі Жазира Иманалиева мен мешіт ұстазы Жібек Қолағұлова бастаған "Әжелер алқасы" мен әйелдер жамағаты Мәуліт кешін өткізді.
Жиын алдында жамағат бірге оқылған Құран хатымының дұғасын жасап, ел амандығын, ислам дінінің қуатты боуын тіледі.
Медресе асханасында үлкен ақ дастархан жайылып, қасиетті Құран кәрім аяттарымен іс-шара ашылды. Ақ жаулықты әжелер бата беріп, шараға қонаққа келген ұстаздар Зейнеп Үсенова, Жайна Бекназарова уағыз-насихатын айтты.