«Һибатулла Тарази» медресе-колледжі директорының орынбасары Сакен Сейдикаримовтың ұйымдастыруымен 2, 3 курс студенттері арасында «Асыл дінімізді біліммен және ықыласпен тарату» атты дебат сайысы өтті.
Студенттер дебат тәртібі бойынша топтарға бөлініп, пікірлерін ортаға салды. Қызу талқыға түскен тақырып бойынша өзекті мәселелер, салмақты ой айтылды.
Шараға "Һибатулла Тарази" медресесінің директоры Қанат Жұмағұл мен ұстаздар құрамы қатысты.
Жеңімпаз курсқа «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы сыйға берілді. Сондай-ақ, қатысушылардың барлығына заттай сыйлық таратылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі