Медресе-колледж шәкірттері арасында DINTELLECT интеллектуалдық білім сайысы өтті

ҚМДБ Жамбыл облысы Жастар ісі секторына жауапты маман Есет Тұрдыбайұлының ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде 1, 2, 3 курс студенттері арасында DINTELLECT  интеллектуалдық білім сайысы өтті. Білім додасында аталған оқу орнының директоры әрі ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, директордың орынбасары Бақтияр Амиреев, ұстаз Дархан Тастанбеков әділ қазы алқасының құрамында жүйріктерді анықтаса, Есет Таласбаев модераторлық етті.

Сайысқа әрқайсысы 5 қатысушыдан тұратын 5 топ қатысты. Тартысты әрі қызыққа толы өткен сайыста жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады. Нәтижесінде, үздіктер анықталып, төмендегі топтар жүлделі болды. 

І орынды "Ашғарилар" мен "Шәкірттер тобы" иеленіп, жеңімпаз атанды. Ал ІІ орын "Матурудилер" тобына бұйырса, ІІІ орынды "Ханафи" тобы місе тұтты. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.