Құран қарилары курсының тағы бір шәкірті Қари атынды

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінен ашылған "Қарилар курсы" осымен кезекті тағы бір шәкіртін қари етіп тәрбиелеп шығарып отыр. Айтулы қуанышты хабарды бүгін қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жамағатпен бөлісіп, жас қариды марапаттады. Сонымен қатар ұстазы Бірлік Амангелдіге алғыс білдірді. 

Қари атанған Дильшот Зиевидинов есімді 2004 жылғы азамат білім алып, Құран жаттау үшін Қазақстандағы туыстарынан естіп, Тәжікстан Республикасы Душанбэ қаласынан Тараз шаһарына арнайы келген. 

Білім жолындағы сапары мен талпысыны ақталып, 2022 жылы Құранды жаттап бастаған жігіт 2023 жылы толық бітірді. Яғни 1 жыл 2 айда жаттап шыққан қаридың ендігі мақсаты келер жылы медресе-колледжге оқуға түсу. Алыстан ат терлетіп келіп, білімге ден қойған жасқа мешіт ақсақалдары батасын беріп, көпшілік тілектерін жаудырды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі