Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Егізбаев Алмұханбет Масаншы ауылына қарасты «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығы шәкірттерімен жүздесті. Облыс бас имамы жиылған шәкірттерге елге, асыл дініміз исламға қызмет етудің маңыздылығын, құндылығын түсіндірді. Жүздесу барысында шәкірттерге Құран жаттаушылардың артықшылығы жайында, білімге деген құштарлық сынды келелі уағыз-насихат айтты. Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза екендігін тілге тиек етті.
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кеудесінде Құраннан еш нәрсе болмаса адам, қаңырап тұрған үйге ұқсайды», - деген. Ибн Масғұд (р.а) «Құаран жаттаған адам қуаныштың артынан қайғының, қаттылықтың артынан жұмсақтықтың, масасыздықтың артынан тыныштықтың, қатыгездіктің артынан мейірімділіктің барын білсін»,- деген.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі