МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЛАРЫ БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Бүгін 2023-2024 оқу жылының бірінші жарты жылдығының аяқталуына орай ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледж директорларының онлайн жиналысы өтті. Аталған жиынға "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің директоры Бейбіт Мырзагелдиев қатысып, жарты жылда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. 

Жиналыста аталған оқу жылындағы студенттердің оқу үлгерімі, білім сапасының қорытындысы және қызыл дипломға үміткерлер атап өтілді. Сонымен қатар оқу орнының сайт жұмысы, білім жетілдіру курстарынан оқытышулардың өтуі, білім алушылардың аралық аттестаттау есебі, факультативтік сабақтар және биыл бітіретін студенттер саны жайлы тілге тиек етілді. 

Бірінші жарты жылдыққа қорытынды жасаған медресе директорлары екінші жарты жылдық бойынша жоспарларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің баспасөз қызметі