ТарӨУ ПРОФЕССОРЫ МЕДРЕСЕ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Білім басқармасының тапсырмасы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Әлеуметтік психология кафедрасының профессоры Рысты Керимбаева Һибатулла Тарази медресе-колледжінің түлектермен кездесу өткізді.

Білікті ұстаз жастардың дипломды қолға алған соң жасайтын қадамдарын сұрап, алға қойған жоспарларымен танысты.  Студенттердің жұмыс жасауға, маман атануға деген психологиялық дайындығын тексеріп, тренинг өткізді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі