Һибатулла Тарази медресе-колледжі талапкерлерді қабылдайды

Бүгін Һибатулла Тарази медресе-колледжінің жаңа 2020-2021 оқу жылына арналған жиыны өтті. Онлайн бас қосуға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі және Һибатулла Тарази медресе-колледжі ұжымы, қала, аудан бас имамдары қатысты.

Жиналыста аталған білім ордасына талапкерлерді тарту барысы қаралды. Медресе-колледж директоры Қанат Жұмағұл өз сөзінде: "Биыл білім ордамыз колледж атағын алғаны бәріңізге мәлім. Бұл біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Медресе-колледжге отандық оқу орындарын тәмәмдаған, шетел асып, білім шыңдаған азаматтар ұстаз болып келуде. Оқытушылар құрамы білікті ұстаздармен толығу үсінде. Оқу орнының міндеті - ҚМДБ, оның ішінде Жамбыл облысындағы кадрларды дайындау. Мұнда діни сауат ашу үшін емес, имам, ұстаз боламын, дін исламға өз үлесімді қосамын деген азаматтар оқуға түсуге тиіс" - деп атап өтті.

Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев аудан имамдарына шәкірттерді оқуға тарту бойынша нақты тапсырмалар берді. Талапкерлермен ыждаһатты жұмыс жасау қажет екендігі айтылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі