ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕРДЕ «ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы су тасқынынан зардап шекен аймақтардың тұрғындарына рухани, материалдық көмек көрсетіп келеді. Осы орайда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен 3 мамыр күні еліміздегі орталық мешіттерде «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде жамағатқа кітаптар, үй тағамдары, түрлі тәттілер, үй жағдайына қажетті тұрмыстық гигиеналық заттар, орамалдар, киім-кешектер ұсынылады. Қайырымдылықтан жиналған қаржы толығымен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмекке жұмсалады.

«Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық жәрмеңкесіне өз үлесіңізді қосып қолдау білдіріңіз, сондай-ақ тұрғылықты өңіріңіздегі орталық мешіт арқылы да көмектессеңіз болады!