БАС МҮФТИ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Ырзақұл Бейкешев пен Жақан Сейсебаев ақсақалдардың үйіне арнайы барып, құрмет көрсетті.

«Біз майдан даласында болған соғыс ардагерлеріне әрдайым зор құрметпен қараймыз. Шын мәнінде әрбір ер адам үшін Отанын қорғау – қасиетті парыз, мызғымас міндет. Антына адал, сертіне берік жігіттің мәртебесі биік. Сіздердің ерліктеріңіз – ұрпақ үшін мәңгі өнеге. Отанды қорғаудың нағыз үлгісін көрсеткен өздеріңізге өмір бойы қарыздармыз. Алла Тағала сіздерге күш-қуат, мықты денсаулық нәсіп етсін. Қазақ елінің бейбітшілігі баянды болсын» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ Төрағасы қазақы дәстүрмен батыр аталардың иығына шапан жапты. Сонымен қатар кәде-сыйын тарту етті.   

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ардагерлер Бас мүфти бастаған дін қызметкерлеріне батасын беріп, ризашылық ниеттерін жеткізді.

  •