Бүгін "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде барлық студенттерге Алланың кәләмі қасиетті Құран Кәрім сыйға тартылды.
Студенттер жиналысына қатысқан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, аталған оқу орнының директоры Сакен Сейдикаримов пен Құран ұстазы Аманкелді Бірлік шәкірттерге ең құды кітапты табыс етті.
Ұстаздар шәкірттерге діни білімнің маңызын айтып, Құран оқу жайлы аят, хадистерді тілге тиек етті. Құран оқушының Алла алдындағы мәртебесі, әрбір әріпіне берілетін сауап туралы жеткізді. Басты құнды кітапты қолдарына алған шәкірттер алғыстарын айтып, білімге деген құштарлықтарын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызмет