БАС ИМАМ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысының бас имамы, «һибатулла Тарази» медресе директоры Бейбіт Әліпбекұлы медресе шәкірттерімен кездесіп, сұхбат құрды.

«Білім алып, ғылым игеру асқан сабырлылық пен ынта-ықыласты қажет етеді. Руханият қызметшісі болуды мақсат еткендіктен, осы жолда талмай-тынбай еңбек етіп, тер төгуіңіз керек. Сіздердің міндеттеріңіз – қазақ халқының тарихымен сабақтас ислам діні құндылықтарын насихаттап, ел руханиятын көтеру», – деген Бейбіт Әліпбекұлы асыл дініміздің көкжиегін кеңейтіп, дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттау үшін шәкірттерге жүктелер міндет пен абыройдың да салмағы ауыр екенін айтып, ел мен жерге қалтқысыз қызмет қылуды үндеді.

Сондақ-ақ, биылғы оқу жылына қабылданған 51 шәкіртке ұстаздар құрамын таныстырып, білім күнімен құттықтады.