СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің студенттері медресе мен жатақханаға сенбілік жұмыстарын жүргізді. 

Қызу тазалық жұмыстарына барлық шәкірттер бір кісідей атсалысып, ғимараттардың іші-сыртын толықтай жуып, қоқыс, артық шөп сындық ластықтардан тазартты. 

«Бақара» сүресінің 222-аятында Алла: «Күмәнсіз, Алла тәубе етушілерді жақсы көреді, әрі таза болушыларды да жақсы көреді». Дін – адамның рухани ластықтан арылтуды көздейді. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі