Жамбыл облысының бас имамы, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Бейбіт Әліпбекұлы мен РАНТ мүшесі, Теміртау қаласының бас имамы Жанболат Жұматұрұлы медресе-колледжі шәкірттерімен кездесіп, «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында семинар өткізді.
Шәкірттерге насихат айтқан Жанболат Жұматұрұлы: «Алла Тағала білім алушы пендесінің дәрежесін арттырады. Сіздер осы медреседен үздіксіз білім алып, дінге, елге қызмет етсеңіздер, Алланың жарылқауы мен халықтың ықыласына бөленесіздер деген үміттемін. Медреседе білім алуға барлық жағдай жасалған. Осы оқу ордасынан білімді, отаншыл, ғалым азаматтар шығады деген сенімдемін. Елге, дінге қызмет етуден асқан ғазиз нәрсе жоқ. », – деп білім алудың маңыздылығын түсіндірді.
Жиын соңында шәкірттер өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.