КҮНСҰЛУ ДАЛЬТОНҚЫЗЫ: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ – ТЕКТІ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Тектілік – асыл қасиетіміз» тақырыбында өткен республикалық конференцияда Президенттің ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Күнсұлу Закария осылай деді.

«Зиялылық – адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы. Адамгершілік, адалдық, әділет, жауапкершілік, тектілік пен ар-намыс – мұның барлығы иманды адамның бойынан табылатын ұлы қасиеттер. Текті адамдар болып тумайды. Бұл деңгей – отбасындағы тәрбиемен, мектептегі біліммен, қоғамдағы тәртіппен келеді.

Отбасы, айналасы, қоғам, тәрбиемен қатар, білім мен ғылым адам өміріндегі ең маңызды фактор. Ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) білім алуға үлкен мән беріп, «Білімге ұмтылу – әрбір мұсылманның міндеті» деген. Тарихқа үңілсек, ортағасырлық Ислам әлеміндегі мешіттерде тек дін ғана емес, ғылым мен білім де оқытылғанын білеміз. Бұл білім, ғылымның адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетеді» дейді Күнсұлу Дальтонқызы.

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •