Медресе-колледжде алғаш рет ата-аналар жиналыс өтті

Сәрсенбінің сәтінде "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде алғаш рет ата-аналар жиналыс өтті. Діни білім алып жатқан студенттердің жақындары қатысқан жиында шәкірттердің білімі мен әдебі жайлы ақпарат берілді.

Шәкірттердің тәрбиелі, білімді болуына екі жақтың да атсалысып бірге әрекет ету керектігін тілге тиек еткен оқу орының директоры Сәкен Сейдикаримов жиналысты танысу, ата-аналармен тығыз байланыс орнату мақсатында ұйымдастырғанын жеткізді.

Оқу орны мен жатын бөлмелерін аралап, көріп шыққан ата-аналарға соңғы шығарылымдағы кітаптар сыйға тартылып, ас-дастархан ұйымдастырылды.

Әрі алыс Атыраудан келген кісілердің құрметіне оқу орнының ұжымы автобуспен қаланы аралатып, Тектұрмас тауына апарды. Қаланы төбеден тамашалап, естелікке суретке түсіп, ата-аналар медреседе (дін саласына) қызмет қылып жатқан ұстаздар мен  қызметкерлерге  алғыстарын айтып, баталарын берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

<img src="https://media.asyldin.kz/upload/Photo/Photo-1634206763-66734.jpg">