ТҮЛЕКТЕР ОҚУ ОРДАСЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ

Оқу ордасына арнайы келген «Һибатулла Тарази» медресесінің 10 жыл бұрынғы түлектері білім алған мекенін зияраттап, шәкірттермен және ұстаздармен жылы жүздесу өткізді.

Кездесу барысында түлектер медреседе алған білім мен тәрбиенің өмірлеріндегі маңызын атап өтіп, қазіргі шәкірттерге жүрекжарды тілектерін білдірді. Ұстаздармен өткен емен-жарқын әңгіме, сағынышқа толы сәттер мен естеліктер қайта жаңғырды.

Шәкірттер де өз кезегінде түлектерге сұрақтарын қойып, медреседе білім алып, тұлғалық қалыптасудың маңызын түсіне түсті. Мұндай рухани кездесулер білім мен ізгілікке деген ықыласты арттырып, буындар сабақтастығын нығайта түсті.