«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ ӨТТІ

Жамбыл облысындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.

Білім сынағын ҚМДБ Діни білім және кадр бөлімі меңгерушісі Хасан Аманқұл, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Жарбол Болатұлы және директордың орынбасары Исатай Оразов қабылдады.

Емтихан барысында талапкерлердің Құран оқу машығы, діни білімге бейімділігі мен жалпы дайындық деңгейі тексерілді. Бұл сынақ – болашақ шәкірттердің білім ордасына қабылдануы үшін маңызды қадам саналады.

Жас талапкерлердің ынтасы мен ізденісі көңіл қуантты. Олардың арасында діни білімге шынайы қызығушылық танытып, медресе-колледж қабырғасында терең ілім алуға ниет білдіргендер аз емес.

Бұл емтихан – жастардың имандылыққа қадам басып, асыл дінімізді үйренуге деген талпынысының айқын көрінісі.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі