РАНТ МҮШЕСІ МЕДРЕСЕ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

РАНТ мүшесі, ҚМДБ Пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті.

Жиын барысында ғалым Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) өнегелі өмір жолынан сыр шертіп, шәкірттерді имандылық пен ізгілікке шақырды. Әсіресе, өскелең ұрпақтың Пайғамбарымыздан үлгі алып, оның салып кеткен сара жолымен жүруі екі дүниенің бақытына жеткізетіні ерекше атап өтілді.

Шараға «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Жарбол Ақжігіт пен "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Әбдіқадір Сейтқали қатысып, шәкірттерге ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, діни білімді дұрыс меңгерудің маңызына тоқталды. Сонымен қатар, жастарды ғылым мен тәрбиеге, елге пайдалы азамат болуға үндеді.

Бұл басқосу шәкірттердің рухани дүниесін байытып қана қоймай, олардың имани ұстанымдарын бекемдеуге септігін тигізді.

Ақерке Шахризатқызы

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің баспасөз қызметі