«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Оқу орнында жылу жүйесін тексеру және қазандықтың жұмыс қабілетін бағалау мақсатында арнайы мамандар келіп, техникалық байқау жұмыстарын жүргізді. Қазандықтағы негізгі құрал-жабдықтардың, құбырлар мен су айналым жүйесінің жағдайы назарға алынды.

Мамандардың айтуынша, жылу жүйесі жаңа маусымға дайын, барлық тетіктер қалыпты жұмыс істеп тұр. Қауіпсіздік талаптары мен энергия тиімділігі ескеріліп, қажетті жөндеу және реттеу шаралары атқарылды.

Дайындық барысын оқу орнының директоры Жарбол Ақжігіт қадағалап, мамандармен бірге қазандықтың жұмысын бақылады. Ол шәкірттердің оқуын үздіксіз әрі жылы жағдайда жалғастыру – медресе басшылығы үшін басты міндет екенін атап өтті.

Алдағы күндері оқу орнында қосымша профилактикалық жұмыстар жалғасып, жылу маусымына толық дайындық аяқталмақ.

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің баспасөз қызметі