Тараз қаласындағы "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде 25 қазан — Республика күніне орай студенттер мен ұстаздардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты жиында оқу орнының директоры Жарбол Болатұлы, директордың орынбасары Истай Оразов және оқу ісі жөніндегі орынбасары Меруерт Құрманбаева жастарды мерекемен құттықтап, елдік мерей мен ұлттық бірліктің маңызын атап өтті. Олар тәуелсіз мемлекеттің бүгінгі жетістігі — өткеннің еңбегі мен келешек ұрпақтың жауапкершілігі екенін тілге тиек етті.
Шара барысында студенттерге сыйлықтар табысталып, Республика күнінің ел тарихындағы маңызы мен тәуелсіздік құндылығы жайлы тағылымды ойлар айтылды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

