ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ СЕРІК АХМЕТПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде Құран секторының меңгерушісі Серік Ахметпен тағылымды кездесу өтті. Кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі» жеке мекемесінің директоры Жарбол Болатұлы қатысты.

Шара барысында Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, діни білімнің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ шәкірттерге ілім жолында табандылық танытып, елге қызмет ететін білікті маман болуға үндеді.

Өз кезегінде Жарбол Болатұлы да шәкірттерге ізгі тілегін білдіріп, мұндай кездесулердің жас талапкерлер үшін берері мол екенін атап өтті.

Кездесу барысында Серік Ахмет шәкірттерге Құран жаттаудың мәртебесі мен мүмкіндіктері жайлы кеңінен ақпарат берді. Шәкірттер өздерін толғандырған кекейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптар алды. Әсіресе діни білімді тереңдету, зейінді арттыру, Құран жаттаудың пайдасы жөнінде пайдалы мәліметтер айтылды.

Кездесу соңында шәкірттер еркін форматтағы сұхбаттың мазмұнды өткенін айтып, қонақтарға алғыстарын білдірді.

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің баспасөз қызметі