Медресе шәкірттері бір-біріне алғыстарын жеткізді

Қазақ халқы – тумысынан кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке айналған. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Кез келген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, көңілі жібиді, жадырап шыға келеді.

Кең пейілді қазақ халқы қашан да алғыс айтудан қашпаған. Халық арасында «алғыс – бата» деген ұғым бар. Осыған орай елімізде күлімдеген көктемнің алғашқы мерекесі - "Алғыс айту күні" болып бекітілген. 

Алғыс күніне орай "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің шәкірттеріне ақ дастархан жайылды. Оқу орнының директоры Сәкен Сейдикаримов бастаған медресе ұстаздары мен шәкірттері бас қосып, бір-біріне риясыз алғыстарын жеткізді. 

"Адамға алғыс айта алмағанның Аллаға шүкірі жоқ" деген аталы сөз бар. Ендеше, алғыс айтуды ұмытпай жүрейік.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі