Ел үлесі - пәтерге: 8 балалы отбасыға 610-шы үйдің кілті табысталды

Бүгін 8 баланың анасына үй кілті табысталды. Шөлдала тұратын көпбалалы отбасы күннің суығында қысылтаяң күйге түскен еді. 8 баланың әкесі денсаулығы нашарлап, шама келгенше еңбек етіп келеді. 

"Әбу Бәкір Ас-сыддық" мешітінің имамы мен жамағатының ұйытқы болуымен аталған шаңырақта бүгін қуаныш орнады. Бұл "Ел үлесі - пәтерге" жобасы бойынша табысталып отырған 610-шы үй. 

Айтулы шараға облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы, Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің бас имамы Орынбасар Дәуренбеков, "Әбу Бәкір Ас-сыддық" мешітінің имамы Қасымжан Бектаев пен жамағаты арнайы барды.  

Жаңа шаңыраққа аяқ басқан отбасының қуанышын көрген көпшілік жүректерінде жылу тұтты. Имамдар батасын беріп, кілтін табыстап, дұға-тілектерін білдіріп қайтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі