Дәріс барысында мамандар сөз сөйлеп, қасапшылықтың үлкен жауапты іс екенін түсіндіріп, насихатын айтты. Малды адалдаудың шариғат жолымен жасалынатын тәртіптеріне ұсақ-түйегіне дейін түсіндіріп, медресе шәкірттерінің және қасапшылардың сұрақтарына кеңінен жауап беріп, малды бауыздау рәсімінің шариғатымызда алатын орны жайында, бұл істің қазіргі таңда аса маңызды, әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін халық үшін жасалатын игі қызмет екендігі түсіндірді.