Биылғы жылды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай облыстың бас имамы ҚМДБ бекіткен ««Ислам және ізгі қоғам» жылында «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша атқарылатын жұмыс жоспарына жіті тоқталды.
5 бағытқа жауапты мамандар сөз сөйлеп, әр бағытқа түсініктеме беріп, жасалатын жұмыстарды атап өтті. Биыл «Қарахан дәуіріндегі ислам діні» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастыру, кадр даярлау, пәтуә, дін мен дәстүр сабақтастығы, теріс ағымдармен жұмыс жүргізу мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясындағы айтулы шараларды ұйымдастыру айтылып, ҚМДБ бөлім тапсырмаларына аса мән беріп, уақытылы орындау тапсырылды. Одан өзге дін қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру мәселесіне басымдық беру де қарастырылды.
"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде білім алуға шәкірттерді шақыру, болашақ ұрпақ білімді жастардың санын арттыру тапсырылды.